Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2023
  • 680

Елордада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 наурызда сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.

«Үш көліктің – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.