Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2023
  • 823

Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты.

Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.

Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.