Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертіс өзенінен ер адамның мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2023
  • 822

20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Кеше, 20 наурыз күні сағат 22:23-те «112» пультіне Павлодар-Ленинский автокөпірінің астындағы мұздан мәйіт байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде азиялық ер адамның жансыз денесі табылды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.

Өлімнің себептері анықталуда.