Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертең еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2023
  • 968

Ертең, 22 наурызда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайдың және қауіпті ауа райы құбылысының болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз ашық болады.

«Тек Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды.