Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Қазақстан – Словения матчынан кейін қосымша автобустар қатынайды

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2023
  • 986

23 наурызда Астанада өтетін Қазақстан – Словения матчынан кейін футбол жанкүйерлері үшін қосымша автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат  «City Transportation Systems» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.

№ 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 3037 қоғамдық көліктері жанкүйерлерді ойыннан кейін аялдамаларда күтіп тұратын болады.

Матчтың басталу уақыты – 21:00.

Жол жүру құны – 90 теңге және оны көлік картасымен немесе QR-кодпен төлеу қажет. Сондай-ақ автобуспен тегін жүруге құқылы тұрғындар өзінің жеңілдігі бар картасын пайдалана алады.