Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар азайды

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2023
  • 652

Қазақстанда өткен тәулікте 34 адамнан коронавирус анықталды, бұл бір тәулік бұрынғыдан 32 адамға аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 22 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 772 адам коронавирус инфекциясынан, оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 632 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

5 адамның жағдайы ауыр;

1 пациенттің жағдайы өте ауыр;

2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.