Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда вагон үстіне шығып алған қызды тоқ соқты

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2016
  • 2851

Қостанайда жоғары кернеулі тоқ соққан оқушы тірі қалды. 10-шы сыныпта оқитын бойжеткен теміржол торабында тұрған вагонның үстіне шыққан. Сол жерде токқа түседі. Бір сағаттай вагон үстінде жатып қалған қызды темір жол торабының күзетшілері тауып, жедел жәрдем шақыртады. Қазір бойжеткен аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. 

Марал Әбілқасымов Қостанай қалалық ауруханасы жарақаттану бөлімі меңгерушісі:

Ол қолымен электр сымын ұстаған екен. Жағдайы қиын болды. Біздің бөлімде реаниматор, травматолог дәрігер қарады. Оның қолы, аяқ жағы, іш жағы күйген. Жалпы денесінің 30-35 пайызын күйік шалған. Қазіргі жағдайы қиын. Жансақтау бөлімінде жатыр.

Вокзал мамандары тоқ соққан қыздың темір жол маңында тұратынын айтады. Үйінде сабақ оқитын мүмкіндік болмаған соң, астық таситын вагонның үстіне шығып дайындалмақ болған. Абайсызда қолының ұшы жоғары кернеулі электр сымына тиіп кеткен деп отыр.

Қостанайдағы темір жол бекетінің дерегінше, соңғы 2 жылда үш адам тоққа түсіп, зардап шеккен. 2014 жылы вагонның үстіне шығып селфи жасамақ болған екі жігіттің біреуі оқиға орнында мерт болса, екіншісі  мүгедек болып қалған еді.

Заңғар САНАЙ