Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен тәулікте елімізде 23 адамнан коронавирус анықталды

  • AstanaTV
  • 23 наурыз 2023
  • 647

Өткен тәулікте елімізде 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

5 адамның жағдайы ауыр,

1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.