Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы Бейсекова көшесі ертеңнен бастап жабылады

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2023
  • 652

Астанада жол-көлік айырығының құрылысына байланысты Шара Бейсекова көшесі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады, деп хабарлайды көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. 

"Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейлі жол-көлік айырығының құрылысы жүргізіледі. 

Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25 наурыздан бастап Н.Тілендиев даңғылының қиылысында Ш.Бейсекова көшесі (Сейфуллин көшесі жағынан және»Сәлем«базары жағынан) бойымен көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Қазір жол-көлік айырығы салынатын ауданда инженерлік желі құрылысы, сондай-ақ көпір өткелінің темір-бетонды діңгектерін орналастыру басталды.

Жолда кептеліс тудырмау үшін жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.