Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Қазақстанның Румыниядағы елшісін тағайындады

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2023
  • 1239

24 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлік Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Бұған дейін бұл қызметті Нұрбах Рүстемов атқарған еді.

"Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.