Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында заңсыз қару ұстаған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2023
  • 912

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді.

Полицияның дерегінше,  Алакөл ауданындағы Қабанбай ауылының маңында «Охозоопром» қызметкерлері заңсыз аңшылықпен айналысқан ер адамды ұстады. 51 жастағы ер адамның көлігінен екі атыс қаруы, сонымен қатар 12 атылған үйрек ұшасы табылды, мылтықтың біреуі заңсыз болып шықты.

«Заңсыз аң аулағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал тәркіленген оптикалық көздеуішімен ұсақ калибрлі мылтық үшін оған ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.