Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген ер адамға іздеу жарияланды

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2023
  • 619

Теміртауда азаматтық некедегі әйелінің кәмелетке толмаған баласын өлтірген ер адамға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Полиция қызметкерлері 23 наурызда Теміртауда кішкентай баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады, оның мәйіті қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Оның жеке басы анықталды. Ол баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы ер адам екені белгілі болды", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта күдіктіге іздеу жарияланды, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп қосты департаменттегілер.