Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді банк алдындағы берешегі барларға несие берілмеуі мүмкін

Банк алдындағы қарызын өтеуді 3 айға кешіктіргендерге жаңа несие мен микрокредиттер рәсімдеуге шектеу қойылуы мүмкін. Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынып отыр. Құжат «Ашық» үкімет порталына жарияланып, 6 сәуірге дейін талқылауға қойылды. Бұдан өзге, заң жобасында төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты берешекті реттеу шарттары мен тәртібіне де өзгерістер енгізілген.

Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қарызын 90 күннен астам уақыт бойы кешіктірген жеке тұлғаларға банктер мен микроқаржылық ұйымдардың несие беруін заң жүзінде шектеу ұсынылады. Заң жобасында төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты берешекті реттеу шарттары мен тәртібіне өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, сотқа дейінгі реттеу рәсімін орындау кезінде және мерзімі өткен, яғни борышы 18 айдан асқанда банктердің және микро қаржы ұйымдарының кредиттерін коллекторларға сату мүмкіндігі көзделеді.