Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда өткен жылы шыбын шіркейді улау жұмыстары нәтиже бермеген

Павлодарда өткен жылы шыбын-шіркейді улау жұмыстары нәтиже бермеген. Соның салдарынан Ақсу қаласы мен Ақтоғай және Тереңкөл аудандарында халық масадан зардап шекті. Қансорғыштармен күреске бөлінген қаражат далаға кеткен. Сол себепті де өңір билігі биыл ерте қамдануда. Қазір аймаққа қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткізілді. Улау жұмыстары келер айдың соңында басталады. Биыл Ертіс өзенінің бойындағы 71 мың 500 гектар алқапқа өңдеу жүргізілмек. Бұл жұмыстар әуеден жасалады. Ол үшін арнайы ұшақтар дайындалған. Шыбын шіркеймен күреске қазынадан 568 млн. бөлінді.