Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында қан тапшы

Қарағанды облысында қан тапшы. Мамандардың айтуынша, әсіресе бірінші екінші топтағы оң және теріс Резус- факторлы қан түрі жетіспейді. Бүгін қалада донор акциясы басталды. Дәрігерлердің ерікті донор ретінде өздері алғашқы боп қан тапсырды. Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері. Бұл мекеменің хирургия бөлімінде де қан құюды қажет ететін науқастар жиі кездеседі. Сондықтан қан плазмасының қаншалықты маңызды екенін жақсы білетін ақ халаттылар акцияға алғашқы болып қуана қатысты.

Рафиз ХАМИТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕАНИМАТОЛОГ-АНЕСТЕЗИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Медициналық мекемелерге барлық топтағы қан қажет. Әрине теріс резус факторлы қан топтары тіпті аз. Өйткені шұғыл жағдайлар, оқыс оқиғалар болып жатады. Сондықтан біз қан қорын үнемі толықтырып отырамыз.

Соңғы бірнеше жылда ерікті донорлар азайғандықтан қан тапшылығы байқалады. Осыған байланысты қан орталығының мамандары қалада түрлі мекемелерде донор күні акциясын ұйымдастыру арқылы қан қорын толтырады. Алайда кез келген адам донор бола алмайды.

Балжан ТЕМІРӘЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Өкінішке қарай қазір донорлар азайып барады. Қан жетіспей жатады, әсіресе бірінші теріс резус факторлы қан тобы мысалы өте аз. Оның үстіне біздің хирургия бөлімінде ауыр жағдайда ота жасау кезінде көп қан жоғалтатын науқастар бар. Оларға қан плазмасын құю керек. Сондықтан біз үнемі қан тапсырып тұрамыз. Бұл біздің азаматтық парызымыз.