Үндістанның Нью-Дели қаласында бүгін бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетеді.
Аса ауыр салмақта 2016 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық Ләззат Күнгейбаева Марокко өкілі Марди Хадиджамен рингке шығады.
М.Хадиджа – әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (2022 жылы – күміс, 2019 жылы – қола), 2022 жылғы Африка жеңімпазы, 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы.
Л.Күнгейбаева мен М.Хадиджа Астана уақытымен сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда ең соңғы жұп болып жұдырықтасады.
Әлем чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан қоржынында әзірге 1 күміс, 4 қола медаль бар.