Русский Сайттың толық нұсқасы

Францияның Сен-Солин қаласында 200-ге жуық тұрғын мен 37 полицей жараланды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2023
  • 836
сурет: Twitter.com/ActuFDO/

Франция қайтадан қиындыққа тап болды. Кезекті шерулер кезінде кем дегенде 200 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFMTV хабарлауынша, бұл 200 адам Францияның батысындағы Сен-Солин қаласында полициямен қақтығыс кезінде жараланған. Тәртіпсіздік кезінде 37-ден астам полиция қызметкері де жараланған.

Наразылық білдірушілер Сент-Солин коммунасы аймағында суару бассейндерін салуға қарсы болған. Содан соң шеру шерушілер мен полиция арасындағы қақтығысқа ұласты. Полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданған. Ал, шерушілер полицияға петарда мен балшық лақтырды. Қақтығыс кезінде даланың периметрі бойынша тұрған бірнеше полиция көлігі жанғыш қоспасы бар бөтелкелердің көмегімен өртенді.