Қазақстанның үздік шахматшылары Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде жаға жыртысып жатыр. Екі спортшының жанжалына Жансаяның Делидегі турнирге қатыспай, кетіп қалғаны себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жылдам шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева командаласы Жансая Әбдімәліктің әрекетін сынға алып, желіде жазба қалдырды.
"Шахмат – бұл, әрине, жекелей спорт түрі. Бірақ жеке өзің болу мен пікірлес болу – әр басқа нәрсе. "Әркім өзі үшін" деген түсінікті кейбіреулер "бәріне түкіргенім бар"" деген мағынада көргісі келеді. Олардан өз қатесін түсініп, сыпайылықпен кешірім сұрауды ешқашан күтпейсің. Егер мұндай адамдар айналасына өтірікті жаудырса, сыпайылық туралы әңгіме айту қиын. Сірә, шындықты бүркемелеу – бірінші кезекте шахматшы екендігін ұмытқан Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Жансая Әбдімәліктің кәсіби қасиеті. Алайда кез келген кәсіби спортшы үшін кешірілмейтін нәрселер бар",- деп жазды Асаубаева.