Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында жол жабылды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2023
  • 696

Қостанай облысында Торғай-Шилі-Аралкөл тас жолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жолдың 108-шақырымын су басқан. Ең жақын елді мекен 15 шақырым жерде, мұнда жылыту пункті де бар.

Су шайған тасжолда полиция мен құтқарушылар кезекшілік етіп жатыр. Жедел ақпаратқа сәйкес, көлік кептелісі байқалмайды, сондай-ақ елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.