Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында бір жасар бала кәріз құдығына түсіп кетіп, мерт болды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2023
  • 1026

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек ауылында бір жасар бала кәріз құдығына түсіп кетіп мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 26 наурызда сағат 12:55-те Қызылорда облысы ТЖД-ның Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Сырдария ауданы, Тереңөзек ауылы, М.Қозыбаев көшесі, 2-үй мекенжайында 2022 жылы туған бала кәріз құдығына түсіп, мерт болғаны туралы шұғыл хабар келіп түсті. Оқиға орнына төтеншеліктер аттанды.