Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2023
  • 1046

Жем қаласына кіре берістегі теміржол өткелінде пойыз бен "Нива" автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, пойызда мұнай компаниясының жұмысшылары болған.

Мұлғаржар ауданында орын алған жол апаты салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тергеу амалдары қолға алынды.