Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл көлік эвакуатормен соқтығысып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2023
  • 785

Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы - Өскемен тасжолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала.

Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталмақ. Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеді.