Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында үш адам жол апатынан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2023
  • 1302

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Орал-Атырау тас жолының бойында болған.

Шамамен сағат 14.30-да 1991 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ГАЗ-330273-753» жүк көлігінің тіркемесі ағытылып, қарсы бетке шығып кеткен. Ағытылған тіркеме қарсы бетте келе жатқан «Тойота Камри» автокөлігіне соғылған. Салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ақжайық аудандық орталық ауруханасына тағы екі екі адам түрлі жарақатпен жеткізілді. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.