Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та мектепте атыс болып, үш бала қаза тапты

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2023
  • 1085

АҚШ-тың Теннесси штатындағы христиан мектебінде атыс болып, кем дегенде үш бала қаза тапты, деп хабарлады билік өкілдері. Шабуылдаушыны полицейлер атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға Нэшвилдегі Бертон-Хиллз бульварында орналасқан мектепте болған. Шақыру бойынша келген полицейлермен атыс кезінде қылмыскер қаза тапты.

Медициналық орталықтың өкілі оққа ұшқан үш бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. NBC News мәліметіншеғ олардың үшеуі де ауруханаға жеткенше қайтыс болған. Құрбандар мен шабуылдаушының аты-жөні, жасы жарияланған жоқ.

Оқиға орын алған Нэшвилдегі мектеп алтыншы сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған жеке христиан мектебі, онда балалар шамамен 11-12 жасқа дейін оқиды. Мектеп сайтындағы мәліметке сәйкес, онда 200-ге жуық оқушы бар.Education Week мәліметінше, тек биылғы жылы АҚШ-та 12 мектепте атыс болып, кісі өлімі немесе жарақат алу дерегі тіркелген.2023 жылы 14 ақпанда АҚШ-тағы Мичиган университетінде атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, бес адам жарақат алған. Атыс жасаған ер адам көп ұзамай өз-өзіне қол жұмсады.17 ақпанда АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Аркабутла шағын қаласында қарулы ер адам өзінің бұрынғы әйелі мен тағы бес адамды атып өлтірді. Бұл жыл басынан бергі 73-ші жаппай атыс болды («Қару қолданып зорлық-зомбылық таныту» мұрағаты, GVA зерттеу тобының мәліметі).2022 жылдың 27 мамырында Техас штатының Ювалд қаласындағы мектепке жасалған қарулы шабуылдан 19 оқушы мен екі мұғалім қаза тапты.