Русский Сайттың толық нұсқасы

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2023
  • 1236

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті.

Матч 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.