Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқтар Төлешовке қатысты атышулы сот процесінің негізгі отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2016
  • 2202

Астанада бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты атышулы сот процесінің негізгі отырысы басталды. Қылмыстық істі қарау жабық түрде өтіп жатыр, себебі істе мемлекеттік құпияларға қатысты деректер бар. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына, түсірілім жасауына рұқсат жоқ. Сондықтан дәлізде күтуге мәжбүр.

Бірінші күнгі сот отырысы таңертеңгі сағат 10-да басталып, алғашқы бөлігі 3 сағатқа созылды. Үзіліске шыққан қорғаушылар мен куәгерлер сұхбат беруден бас тартты. Тек «Шымкентсыра» зауыты экс-директорының орынбасары болған Виктор Рулевскийдің адвокаты істің құпиялығы және жабық түрде өтетіні жайында судьяның ескерткенін айтты. 25 айыпталушының қорғаушылары процесс жайында ақпарат таратпау жөнінде тілхат жазып, қол қойған. Қаралып жатқан істің көлемі 300 томға тең. Ал сот процесі күнделікті өтетін болады.

А. ҚОСАНОВ