Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт ратификацияланды

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2023
  • 865

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың бапсасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.