Русский Сайттың толық нұсқасы

Меккеге бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, 20 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2023
  • 1348

Апат салдарынан қажылыққа бара жатқан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 29-ы жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында болды.

Оқиға Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16:00 шамасында болды. Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алды.

Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кетті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының полициясының мәліметін айтып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады.