Еуропа
футбол ассоциациясына жаңа президент сайланды. УЕФА-ның су жаңа президенті - словениялық Александр Чеферин. Еске
салайық, Швейцарияның федералды бюросы ФИФА-ның бұрынғы басшысы Йозеф Блаттер УЕФА-ның экс-басшысы Мишель Платиниге 2 млн швейцариялық франк аударды деген айып
тақты.
Афиныда өткен УЕФА конгресіндегі
дауыс беруде Александр Чеферинді 55 федералды мемлекеттің 42-сі қолдады. Оның
мандаты 2,5 жылға жалғаспақ. Себебі француз Мишель Платинидің тұп тура осынша
уақыт футбол ұйымына төрағалық ететін уақыты қалған болатын.
Д. БАҚДАУЛЕТ