Русский Сайттың толық нұсқасы

Адвокаттардың құқық қорғау процесіндегі рөлін арттыру керек – Президент

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2023
  • 2058

Мемлекет әлеуметтік осал топтағы зардап шеккендерге заң көмегіне кепілдік береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру қажет. Өмірдің барлық салаларында құқық үстемдігі қағидатын сақтау еліміздің қарқынды ілгерілеуінің іргетасы болуға тиіс. Әрбір азаматтың өз құқыған қорғауға сенімді болуы, соттардың әділдігіне күмән келтірмеуі маңызды. Мұнда кәсібилігі жоғары және ақшаға сатылмайтын судьялар корпусын қалыптастыру шешуші рөл атқарады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында.

Екінші жағынан, Президенттің айтуынша, барлық азаматтар сотта өз құқығын қорғау үшін сапалы заң қызметтеріне бірдей қол жеткізуі керек. Осы мақсатта мемлекет әлеуметтік осал топтағы зардап шеккендерге заң көмегіне кепілдік береді.

«Сондай-ақ, адвокаттардың рөлін арттыра түсу қажет. Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз берілуге тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.