Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда заңсыз ауланған 417 кг бекіре тәркіленді

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2023
  • 917

 Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1980 ж.т. аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 417 кг бекіре тұқымдас балық тәркіледі.

Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекс 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПІК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.