Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының депутаттық мандаттары бөлінді

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2023
  • 1286

«AMANAT» - халық аманатына адал. Сайлаушылардың қолдауына ие болған партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының өзіне аймақтағы ел-жұрттан 1 мыңнан астам өтініш түскен. Оның дені жол салу, тұрғын үй құрылысы мен жәрдемақы төлеу секілді әлеуметтік мәселелерге байланысты. Партиялықтар бұл мәселелердің шешімін табарына сенімді. Бүгін батыс қазақстандық филиалдың саяси кеңесінде депутаттық мандаттар бөлініп, партиялық тізімдегі үміткерлердің ішінен 10 адам облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылды. Енді бұл тізім облыстық сайлау комиссиясына беріледі.

Мұрат МҰҚАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Халық бір ауыздан «AMANAT» партиясын қолдап, үлкен сенім артып отыр. Бұл бізге «AMANAT» партиясына үлкен сенім, үлкен абырой және жауапкершілік. Алдағы уақытта біздің депутаттарымыз арқылы халықтан жиналған аманаттарды орындау мақсатында біз өзіміздің сайлауалды бағдарламаны орындауға толық мүмкіндік алатын боламыз.

Шығыс Қазақстан сайлаушыларының 68%-ы «AMANAT»-қа дауыс берген. Саяси кеңес мүшелері облыстық мәслихатқа «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын бекітті. Оған 29 адам кірді.

Марина БЫКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚОФ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Менің ойымша, «AMANAT» партиясы осы сайлауда өзін лайықты көрсетті. Сайлауалды кезеңде 6 мыңға жуық кездесу, 6 мың іс-шара өткізілді. Партия облыстық мәслихатта өз сайлаушыларының мүдделерін білдіру үшін көп дауысқа ие болды. Енді саяси кеңес бюросында партиядан фракция құрамы анықталды, менің ойымша, барлығы лайықты адамдар. Біздің міндетіміз-біз алған сенім мандатын сақтау үшін сайлаушылардың барлық бұйрықтарын барынша орындау.