Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында ауыл әкімі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2023
  • 929

Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ойтал ауылдық округінің әкімі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды NUR.KZ

Агенттік мәліметінше, оқиға 24 наурызда ауыл әкімінің жұмыс орнында болған.

"Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп, есірткі қолданғаны анықталды.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлаған агенттікке Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында "шизофрения" диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болған.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.