Перудің солтүстік бөлігінде бірнеше күн бойы нөсер жауын жауды.
Өзендер арнасынан асып, үйлерді су басқан. Табиғи апаттан инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді.
Мектептерді де су шайған. Жаңбырлы маусым басталғалы бері елде 60-тан аса адам көз жұмды.
Ал Канаданың Торонто қаласында көктемнің жаймашуақ күнінде қар жауып, боран соқты. Жылдың бұл маусымында дәл мұндай ауа райы бұл елде сирек болады.
Синоптик мамандар түні бойы қар жауып, аяз бен жел күшейетінін ескертіп отыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.