Русский Сайттың толық нұсқасы

Бес күн бұрын із-түссіз жоғалған түркістандық оқушы қыздың денесі судан табылды

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2023
  • 1469

Түркістан облысында осыдан бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың денесі Арыс-Түркістан  каналынан табылды.

Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Бүгін сағат 10:10-да Арыс-Түркістан суару каналынанда оқиға орнынан 11 километр жерде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалып кеткен қыздың мәйітін судан тауып алып шығарды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 наурызда сағат 17:00 шамасында кәмелет жасына толмаған қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 139 адам мен 16 техника, оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің квадрокоптері мен жүзу қайығы, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.