Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда қармен бірге тақтайдай тегіс асфальт еріп кетті

Қызылжарда жолдары әбден тозған. Көлік жүргізушілері шұрық-тесіктен көз ашпаймыз деп шағымданады. Ал әкімдік биыл жол жөндеуге, салуға бөлінетін қаражатты рекордтық көрсеткішке жеткізбек. Бұл мәселені шеше ме? Өңірден-Абзал Құрманкин.

Қызылжарда қармен бірге тақтайдай тегіс асфальт еріп кетті. Қаладағы тас жолдардың басым бөлігі шұрық-тесік. Дені дұрыс көше қалмады.

БЛИЦ:

- Жол нашар! Қаланың орталығында ғана шамалы жүруге болады. Ал шетінде мүлде қатынауға жарамсыз. Мұндай жағдайға дейін қалай жеткен, түсініксіз.

- Жол шашылып жатыр. Асфальт бітіп жатыр. Анда мында шұңқыр. Жылдан жылға ақырындап бітіп жатыр.

Жолдардың сын көтермейтін жағдайға жеткеніне әкім де көз жеткізді. Қаланы аралап, құзырлыларға қаражат көлемін еселеуді тапсырды.

Биыл жолға бөлінген 4.5 миллиард теңгенің үстіне қосымша 1 миллиард қосылды. Бұл былтырғыға қарағанда бақандай 12 есе артық. Шенеуніктер асфальтты қалпына келтіруге білек сыбана кіріскен сыңайлы.

Эльмира СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жалпы жөндеу жұмыстарын 18 көшеде жүргізу жоспарланып отыр. Және осы жылы жер үй секторындағы көшелерге де назар бөлініп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары Жұмысшы кентіндегі Космедемьянская, Украинская, Понфилов сынды көшелерде жүргізіледі.

Алайда, жөндеу жұмыстарының нақты қашан басталары белгісіз. Себебі, жобалық сметалық құжаттама әлі дайын емес.