Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында таза ауыз су тартуға бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалғанымен бір тамшы су ақпаған

Жамбыл облысында таза ауыз су тартуға бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бірақ тапшы су да аққан емес. Мердігер жерді қазып, құбыр жүргізуді бастаған. Бірақ аяқтамаған. Тіршілік нәрінен тарықтық деген тұрғындар әкімдіктегілерді ауылға шақырып айқайға басты. Жергілікті биліктің жауабын тілшіміз де тыңдады.

Бұқараның балшыққа баттық дегені, басталған жұмыстың жарты жолдан тоқтап қалғаны. Түріксіб ауылы тұрғындарының түсінбей тұрғаны қомақты қаржы бөлінсе де қадағаланбай тұрғаны күмән тудырған. Былтыр берілуі тиіс ауыз судан, жұрт тамшы су іше алмай жүр.

Болат АЙДАРБЕКОВ, ТҮРКІСІБ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бес алты көшелер қазылмай әлі сол күйімен тұр. Құдықтарының бәрі суға іші толып тұр. Турбалары екі жыл тұрды. Оны кішкентай балалар тастармен ит мысықпен толтырып тастаған.

Маржан ХАЛЫҚОВА, ТҮРКІСІБ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің көшеде тура екі метр тереңдікте жатыр. Қанша ма мал, қаншама бала түсті құлап. Оның беті жабылған жоқ беті. Міне, әкімдіктің көзі тұр.

Саламат БАЙМАХАНОВ, ТҮРКІСІБ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауыз жаласып мына жұмысты тиянақты істеп жатқан жоқ. Технозоры бар, ЖКХ-сы бар, мердігер компаниясы бар бірге ауыз жаласқан. Әйтпесе ЖКХ әлде қашан бақылауға алып, сотқа беріп бүкіл ақшаны қайтартып, басқа фирмаға беретін еді бұл жұмысты.

1 млрд 400 млнға жуық ақшаға екі ауылға ауыз су кіргізілуі керек болған. Бесағаш ауылыны су тартылып, Түріксібте жұмыс тоқтап тұр. Бірақ бұл жұмыстар осыдан екі жыл бұрын басталыпты. Тапсырысты алған мердігер өкілдері де шу шыққан жерге жедел жетті.

Тілек БҰЗАУБАҒАРОВ, «КӨЛСАЙСТРОЙ» ЖШС ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ:

Түсіндіріп айтайын халыққа. Бір ай болды жұмыс тоқтады.

- Өтірік айтпа, құлақтан теппе. Проблемалар болды. Шешу үшін басшылар Бізде 70 ақша игерілді, 30 пайыз ақша ғана қалды.

Жұмыс істеуді емес, қаржыны игеруді ойлаған компанияны енді әкімдік сотқа сүйремек. Аудан әкімдігі келісім шартқа отырғаннан бері 19 кемшілік тауып, 2 млн теңгеден екі рет айыппұл салған екен.

Нұрлан НЕСІПБЕКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл Қазақстан бойынша біраз облыстардан осындай жұмыстар алған. Оларда жосықсыз деп бұл мекемені тапқан. Сөйтіп есепшоты жабылған. Қазір біздегі қаржысы тұр. Олардың есепшоты жоқ болған соң ақшасы жоқ. Содан адамдарды жалдап жұмысты істей алмай тұр. Бізде сотқа беріп вообще обьектіні алғымыз келіп отыр.

Жауаптылар мердігер мекеменің мәселесін қашан шешері белгісіз. Ал Түріксіб ауылының тұрғындары әзірге ауыз суды қаладан тасып ішуден басқа амалдары жоқ.