Адам
өлтіріп денесін қоқыс жәшігіне тастады деген күдікке ілінген екеу Байқоңырда
құрықталды. Ауыр қылмысты Алматыда жасаған олар шекара аспақ болған көрінеді. Бұл ақпаратты Алматы қалалық ішкі істер
департаменті таратты. Құзырлы мекеменің
болжамы бойынша, олар өзара сөзге келіп қалған соң, зұлымдыққа барып кісі
өлтірген. Қылмыс жасаған соң Алматыдан ізін суытып шекара аспақ болған
көрінеді.
Ішкі істер департаменті өкілдерінің мәліметіне қарағанда, жедел-тергеу
тобы күдіктілерді Байқоңырдан Алматыға жеткізеді. Бұған дейін ер адамның
бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылғанын хабарлаған болатынбыз. Қасақана
өлтірілген 25 жастағы жігіттің де кім екені анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99
бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Айгүл ЕРМАХАН