Қазақстанда оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсыру маусымы басталды. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-арнасы. Министрлік бірінші сыныпқа қабылдауға қажет құжаттар тізімін ұсынды:
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
026/у-3 баланың денсаулық паспорты;
Баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек.
"Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады", –деді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады