Русский Сайттың толық нұсқасы

UEFA Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голын үздік деп таныды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2023
  • 786

UEFA Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысы екінші турында Дания қақпасына соққан голын үздік деп таныды.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты ресми аккаунтында Асхат Тағыбергеннің Данияға қарсы ойында Каспер Шмейхельдің қақпасына алыстан соққан голы өз бағасын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы құрлықтық додада екі ойын өткізді.

Алғашқы ойында елордада Словениядан (1:2) жеңілсе, Дания құрамасынан (3:2) басым түсті.

Нәтижесінде H тобында үш ұпаймен екінші орында тұр.