Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйелді зорлап, көшеге лақтырып кеткен

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2023
  • 994

АҚШ-та Флорида штатының Мэри Эстер қаласында 24 жыл бұрын әйелді зорлаған ер адам табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық әйел 1999 жылы наурызда зорланған. Кешке бардан шығып бара жатып, ол өзін Рон деп таныстырған адамды кездестірген, ер адам оныүйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Ол әйелді басқа ауданға апарып, шешінуді бұйырған. Жәбірленуші бас тартқан кезде, ол оны тұншықтырып, ұсынысын қабылдамаса, мойнын сындыратынын мәлімдеген.

Ер адам азғын ойын іске асырғаннан кейін, әйелді жолға лақтырып кеткен, сол жерден өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оны көтеріп алып, дереу полицияға жеткізген.

Жәбірленуші арыз жазған, сот-медициналық сараптама қылмыскерден ДНҚ үлгілерін алды. Алайда қылмыстық іс бір орнынан қозғалмай туралап қалған. Тергеу тек 22 жылдан кейін ғана нәтиже берді. 2020 жылы жиналған биологиялық материал қайтадан зертханаға өткізіліп, тергеушілер қылмыскердің ДНҚ-сын деректер базасымен салыстырды. Ақырында олар зорлаушының қазір 60 жастағы Чарльз Луи Крейг екенін анықтады.

Крейг бұрыннан қылмыскер болған, зорлау әрекетінен бір ай бұрын түрмеден шыққаны белгілі. Наурызда Крейг Калифорнияда табылып, Флоридаға экстрадицияланды. Айта кетерлігі, 1999 жылы зорлау туралы айыптау кезінде ол темір тордың артында болған, бірақ құқық қорғау органдары оның не үшін ұсталғанын мәлімдемеді.