Русский Сайттың толық нұсқасы

Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-при кезеңінде көш басына шықты

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2023
  • 843

Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шыққан. 6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл. Екі шахматшы 8-турда кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Делидегі Гран-придің 3-кезеңі 6 сәуірде аяқталады.