Русский Сайттың толық нұсқасы

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2023
  • 848

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТЖ министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі мұндай жер сілкінісі – қалыпты жағдай.

Ведомство жедел ақпарат алғаны атап өтілді.

"Мониторинг жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 2-3 балл – бұл аймақ үшін қалыпты жағдай", – делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, Алматыда магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі болды.