Мәскеу орталығындағы стадионда студенттік командалардың футболшылары төбелесіп, 16 адам полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды nur.kz
РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, студенттер арасындағы жаппай төбелес 1 сәуір күні болған. Соның салдарынан бір адам зардап шекті. "Полиция бөліміне 16 адам жеткізілді, оның үшеуінің үстінен әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада. Енді тәртіп бұзғандар 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.