WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "Туған күн тойлауға уақыт болмады. Елеп-ескеріп құттықтаған барша ағайынға мың алғыс! 13 мамыр әлемге QAZAQ STYLE-ды көрсетеміз, бұйыртса. Дайындық қызу жүріп жатыр", - деді ол. Айта кетейік, 1 сәуір күні Жәнібек Әлімханұлы 30 жасқа толды. Ол 1993 жылы Жетісу облысы Жыланды ауылында өмірге келген.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды.