Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай Бегей 100 млн теңгеге үй салды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2023
  • 1533

Белгілі әнші Абай Бегей көпшілікке алғаш рет жаңадан соғылған үйін көрсетті. Бес жыл бойы Алматыда пәтер жалдаған әнші екі қабатты үйінің құрылысына 100 млн теңгеден астам қаражат кеткенін жасырмады, деп жазады "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Үйдің құрылысы карантин кезінде, мамыр айында басталды. Алланың қалауымен, менің туған күнімде көшіп келдік. Құрылыс 2020 жылы басталып, екі жыл уақыт кетті. Алматыда бес жыл пәтер жалдап тұрдық. Төрт бөлмелі үй еді. Ақтаудан көшіп келу керек болды. Қаладан үй алуға мүмкіндік болмағандықтан, құрылыс бастадық. Жөртелісін қосқанда үш қабат. Негізі мұнан кіші қылып салу керек еді деп ойланып қалдым. Екі жүз квадрат жетеді екен негізі", - деді Абай Бегей.

Сонымен қатар әнші үйдің құрылысын аяқтау үшін Ақтаудағы үйі мен екі көлігін сатқанын айтты.

"Үй салам, үй алам" деген адамға Алла өзі жәрдемші екен. Осы үйді бастағанда 10 млн теңгем болды. Тәуекел етіп, "Биыл негізін қаласам да, кірпішін соқсам да" деп бастадық. Бірінші жылы үйдің негізін қалап, келесі жылы аяқтадық. Жерді 2017 жылы алдым. Он млн теңгем үйдің негізін қалаған кезде бітті. Сосын Ақтаудағы үйімді, екі көлігімді сатып, өйтіп-бүйтіп бітірдім. Ең қиыны ішкі жұмыстар екен. Үйдің сыртына қарағанда, ішіне көп кетеді. Жалпы алғанда, 100 млн теңгеден сәл асады. Бір тойға шығып, үй салу қиын", - деді Абай Бегей.