Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған адамды аман алып қалды

Қызылжарда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған адамды аман алып қалды. Тыныс демікпесімен ауыратын 54 жастағы әйел кенеттен тұншыққан. Жедел жәрдем қызметі жеткенше, науқастың жүрегі тоқтап қалды. Сала мамандары дефибрилляторды төрт мәрте қолданып, сәтсіздікке ұшырайды. Артынша қосымша дәрігерлерді шақыртып, біршама уақыттан соң әйелді тірілтіп алды. Арнайы құрылғымен тыныс алған науқас бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Әлия ОРАЗБАЕВА, СҚО ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біз келгенде науқас ес түссіз болды. Яғни, қан айналымы мен тыныс алуы дұрыс емес болды. Біз соны байқап, бірден реанимациялық іс шараға көшіп кеттік. Не успешный реанимация менде болған жоқ. Успешный реанимация менде осы екі жылдың ішінде екінші рет болып тұр.