Русский Сайттың толық нұсқасы

Түрлі мәселемен келген азаматтардың шағымын «Нұр Отан» фракциясының мүшесі тыңдады

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2016
  • 1691

Астанадан небары 9 шақырым жерде орналасқан 41-ші разъезд тұрғындары, елді мекеннің ауыл статусы жоқтығынан, балаларын мектепке бере алмай отыр. Тіпті қалалық ауруханаларға тіркеуге тұрудың өзі бір машақат дейді. Жер телімдері әу баста саяжай мақсатымен берілген. Ол аумаққа салынған үйлердегі тұрғындарға жергілікті билік жыл он екі ай тұруға рұқсат береді. Қазір разъезде екі мыңнан астам түтін бар. Ауылға су мен жарық тартылып, жол салынған. Құжатқа сай бұл елді мекен Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округіне қарайды. Алайда Талапкердің әкімшілігі  ауылды өз қарамағына алғысы жоқ.

Бақытнұры Сұңғатов:

Қаладан біздер жедел жәрдем шақыртқанмен, олар келмейді. Екіншіден, поштамыз белгісіз, сосын қаланың емдеу орындары біздерді қабылдамайды, тіркемейді. Бірнеше клиникаларда болдық, олар бізді қабылдамайды.

Бақытнұры Сұңғатов «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне осылай деп базынасын айта келді. Қасында бірнеше көрші бар. Бүгін мұнда Бақытнұрдан өзге де онға жуық азамат түрлі сұрақтар бойынша шағымын арқалай жеткен. Олардың мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Анар Жаилғанова тыңдады.

Анар Жаилғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Азаматтарымыздың барлығының айтқан шағымдары бақылауға алынады. Мен өз басым бүгін қабылдаған азаматтардың мәселесі барынша шешілуге ықпал етуге міндеттенемін. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ