Синоптиктер 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жерорта теңізінен соққан циклон Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына жаңбыр әкеледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болжанды.
5 және 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жаууы мүмкін.
6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Ел аумағында ауа температурасының көтерілуі немесе төмендеуі болжанбады.