Русский Сайттың толық нұсқасы

Қордайда төтенше жағдай жарияланды

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2023
  • 1048

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдай режимі бірнеше күнге созылған қатты желге байланысты енгізіліп отыр.

Қатты жел 3 мектеп пен 1 балабақшаның шатырын ұшырып әкетті. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі – 99 млн теңге. Зардап шеккендер жоқ. Балалар мектептерге барып оқып жатыр.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары синоптиктер болжамына сәйкес, жел 4 сәуір күні басылуы мүмкінін екенін жеткізді. Кейін нысандарды жөндеу жұмысы басталады.